13:49, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Астана тұрғыны күдікті қорап туралы «әзілі» үшін жауапқа тартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзілдегісі келген Астана тұрғыны өзіне Қазмедиаорталығына күдікті қорап жеткізу ұсынылғанын хабарлады, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

10 ақпан күні шамамен сағат 14:00-де Астана қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығына белгісіз біреу телефон соғып, екі ер адамның оған «ҚазМедиаОрталығы» АҚ-ға картоннан жасалған күдікті қорапты жеткізуді ұсынғанын айтты. Шаралар барысында қаладғы ЖШС-нің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Астаның 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Түсініктеме беру кезінде ұсталған азамат осылайша әзілдегісі келгенін, полиция тарапынан осындай реакция болатынын күтпегенін мойындады.
«Есіл» аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлері азаматты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 438-бабымен («Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырту») әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 30 АЕК көлемінде (63 630 теңге) әкімшілік айыппұл салды.