14:59, 06 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Астана тұрғыны шетел елшісіне қастандық жасалатыны туралы хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада шетел мемлекетінің елшісіне қастандық жасалатыны туралы жалған ақпарат берген жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада қалалық ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұзақылық ниетпен полицияға қоңырау шалып, шетел мемлекетінің елшісіне қастандық дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат берген жергілікті тұрғынды ұстады», - деді ресми өкіл.
Алмас Садубаевтың айтуынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.