«Астана» УЕФА рейтингінің ТОП-100 қатарынан шығып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022/23 маусымдағы еурокубоктың топтық кезеңінің төртінші турынан кейін УЕФА-ның клубтық рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
«Астана» 104-ші қатарға түсіп, үздік клубтардың ТОП-100 шығып қалды.
«Қайрат» 120-орынға көтерілді. «Тобыл» 189-шы орнын сақтап қалды.
Басқа қазақстандық клубтарға келетін болсақ, «Шахтер», «Ертіс», «Ордабасы», «Қайсар» және «Қызыл-Жар» 349-дан 353-ке дейінгі орындарға жайғасты. УЕФА клубтарының жалпы рейтингі (2022 жылғы 17 қазандағы жағдай бойынша):
1. «Манчестер Сити» (Англия) – 123,000;
2. «Бавария» (Мюнхен, Германия) – 121,000;
3. «Ливерпуль» (Англия) – 114,000;
4. «Челси» (Лондон, Англия) – 114,000;
5. ПСЖ (Париж, Франция) – 103,000;
6. «Реал» (Мадрид, Испания) – 103,000;
7. «Барселона» (Испания) – 99,000;
8. «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 91,000;
9. «Ювентус» (Турин, Италия) – 90,000;
10. «Аякс» (Амстердам, Нидерланды) – 87,000; ...
104. «Астана» (Қазақстан) – 14,000; 120. «Кайрат» (Алматы, Қазақстан) – 12,000;
189. «Тобол» (Қостанай, Қазақстан) – 7,000;
349. «Шахтёр» (Қарағанды, Қазақстан) – 2,525;
350. «Ертіс» (Павлодар, Қазақстан) – 2,525;
351. «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) – 2,525;
352. «Қайсар» (Кызылорда, Қазақстан) – 2,525;
353. «Қызыл-Жар» (Петропавл, Қазақстан) – 2,525.