Астана Ұлттық ғарыш орталығын құру перспективалары нақтылы - сала мамандарының халықаралық дөңгелек үстелі

Форумға қатысушыларды құттықтай келіп, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев қазақстандық, француз, неміс және ресей мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел елеулі оқиға - Астана күні және Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы салынатын жерде ескерткіш белгі орнату қарсаңында өтіп отырғанын атап өтті. «Біз бүгін Қазақстан мен Францияның ғарыш саласындағы перспективалары жөнінде ғана емес, стратегиялық әріптестіктің алғашқы нәтижелері жөнінде де айта аламыз», - деді ол.
Қазақстанның өзінің ғарыш саласына құруға талпынуын француздық EADS Astrium компаниясының президенті Франсуа Ок елдің ақылды стратегиясы деп атады. «Біздің компания үшін Қазақстанмен, атап айтқанда, «Қазақстан Ғарыш сапары» компаниясымен ынтымақтастық үлкен құрмет», деп атап өтті Франсуа Ок.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Ғабдолләтіп Мырзақұлов компания үш ірі ғарыштың жобюамен айналысып жатқанын мәлім етті. «Біздің ұжым өз мүмкіндігін нақты сезінді және ынтымақтастықтың халықаралық деңгейіне шықты, дамудың өзіндік дұрыс жолын іздеуде және тауып отыр», - деді ол.
Нақты ынтымақтастық тәжірибелері туралы ««Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК мен EADS Astrium компаниясының жетекші топ-менеджерлері, сондай-ақ ресейлік МSC.Software корпорациясы өкілдігінің басшылары баяндама жасады.
Дөңгелек үстелдің жұмыс қорытындысы бойынша Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығын құру мега-жобасы ауқымындағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ дамыту стратегиясын орындау тетіктері мақұлданған қарар қабылданды.