Астана - Үрімші бағытындағы рейс саны артып келеді

АСТАНА. KAZINFORM –   Көлік министрлігі халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

рейс
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

2024 жылғы 30 мамырдан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады.

Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды. Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

Бұған дейін Ақтөбе-Үрімші бағытында жүк тасымалдайтын әуе рейсі іске қосылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар