«Астана» велошабандозы «Австрия турының» алғашқы кезеңінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы Оскар Гатто «Австрия туры» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz
Бірінші және екінші орындық көрсеткіштерге «Астана» шабандозы италиялық Оскар Гатто және колумбиялық Мигель Анхель ие болды, үшінші орынға австралиялық Уилл Кларк тұрақтады.
«Астананың» қалған шабандоздары бұл кезеңді келесідей көрсеткіштермен аяқтады: Морено Мозер - 46, Артём Захаров - 86, Никита Стальнов - 89, Трульс Корсет - 90, Рикардо Минали - 110, Лоуренс де Вриз - 133-шыорында.
«Австрия туры».
Graz - Schlossberg бастамасы. 0.8 шақырым
1. Оскар Гатто (Италия, «Астана») - 2:11:93
2. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана»)
3. Уилл Кларк (Австралия, «Cannondale Drapac») - +0:03
46. Морено Мозер (Италия, «Астана») - +0:17
86. Артём Захаров (Қазақстан, «Астана») - +0:22
89. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») - +0:23
90. Трульс Корсет (Норвегия, «Астана»)
110. Рикардо Минали (Италия, «Астана») - +0:26
133. Лоуренс де Вриз (Бельгия, «Астана») - +0:33.