06:10, 23 Мамыр 2022 | GMT +6
«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италия» жарысында мәре сызығын 11-ші болып кесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көпкүндік «Джиро д’Италия» велобәйгесінің 15-кезеңі мәресіне жетті. Бұл жолы пелотон таулы аймақта 177 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кезеңде «Trek-Segafredo» командасында сынға түсетін италиялық Джулио Чикконе жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші көрсеткіш «Bahrain-Victorious» сапынан колумбиялық Сантьяго Буитраго еншісіне бұйырса, үздік үштікті «Movistar» сапынан Антонио Педреро түйіндеді.
Ал «Астана» сапынан Фабио Феллине мәре сызығын он бірінші болып қиды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Нұр-Сұлтанда өтетін веложарыс 28 мамырға ауыстырылды.