Астана вокзалынан 440 адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 18.00-дер шамасында полицияға Астананың темір жол вокзалында иесіз қораптың жатқандығы жөнінде қоңырау шалынған. Оқиға орнына полиция, арнайы қызмет пен қаланың жедел қызметінің мамандары келіп жетті, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бастапқыда күдікті зат табылған аумақ қоршауға алынған, сондай-ақ куәгерлерден жауап алынып, бейне бақылау камерасындағы жазба тексерілген. Вокзалдан 400 келуші мен 40 қызметкер сыртқа шығарылған.

Қорапты тексеру кезінде айналаға қауіп төндіретін қандай да бір зат табылмады. Сағат 18:52-де қоршау алынды.

 

Соңғы жаңалықтар