Астана вокзалындағы оқиғадан пойыздар кестесі өзгермеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың темір жол вокзалы қазіргі кезде қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 18.00-дер шамасында полицияға Астананың темір жол вокзалында иесіз қораптың жатқандығы жөнінде қоңырау шалынған. Оқиға орнына полиция, арнайы қызмет пен қаланың жедел қызметінің мамандары келіп жеткен.

Бастапқыда күдікті зат табылған аумақ қоршауға алынған, сондай-ақ куәгерлерден жауап алынып, бейне бақылау камерасындағы жазба тексерілген. Қорап бос болып шықты.

 Вокзалдан 450 жолаушы мен 55 қызметкер сыртқа шығарылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram