Астана жалпы өңірлік өнім өндіруден еліміз бойынша үшінші орында

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірілген жалпы  өңірлік өнім үлесі жалпыреспубликалық  көлемде 8,7%-ды  құрады.
None
None

Осы көрсеткіштен  елорда еліміз бойынша үшінші орында, деп хабарлайды елорданың реми сайты.

Қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Жанат Нұрпейісовтің сөзіне қарағанда, Астанада ЖӨӨ көлемі 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында  1 трлн. 86 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  221 млрд. теңгеге  артық көрсеткіш.

Басқарма бастығының айтуынша,  2012 жылдың қаңтар-қазан айларында  қаланың өндірістік кәсіпорындары  152 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен.  Шағын және орта бизнес кәсіпкерлігі саласында жалпы көлемі  834 млрд. теңгенің  өнімі өндіріліп, жұмыстар атқарылды, қызметтер көрсетілді.  Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  өндіріс көлемінің 101,3%-ын құрады.

Соңғы жаңалықтар