«Астана - жаңа қала» АЭА-ға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 2 трлн. теңгеден асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2002-2015 жылдары аралығында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 2 трлн. теңгеден асты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ілияс Жанғаскин мәлім етті.
None
None

«АЭА аумағына астананың екі индустриалды паркі кіреді. Индустриялық парктер - бұл жеңілдікті салық және кеден режімі белгіленген жаңа өнеркәсіптік аймақтар. Инвесторлар корпоративтік және табыс салығынан, мерзімі 10 жылға дейін учаскені жалға алу төлемдерінен, жер салығынан, мүлік салығынан босатылады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, арнайы экономикалық аймаққа 2002-2015 жылдары аралығында тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 2 трлн. теңгеден астам соманы құрайды.

Сонымен қатар брифинг барысында «АСТАНА INNOVATIONS» АҚ басқармасының төрағасы Әлтайыр Уызбаев елордада технологиялық бизнес-инкубациялау жобасын жүзеге асыру аясында 16 инновациялық жобаның іске асырылғанын, бүгінде олардың басым бөлігі нарыққа табысты шығып, қала бюджетін толықтыру үстінде екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар