Астана және Алматы әуежайларында Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстер тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана және Алматы әуежайларында Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстер тоқтатылды.
None
None

Елорда әуежайындағы онлайн-таблода хабарланғандай, «Turkish Airlines» авиакомпаниясының Ыстамбұл бағытындағы TK 355 рейсі тоқтатылды. Ұшақ 29 маусым күні 03:25-те аттануы тиіс болған.

Алматы әуежайындағы онлайн-таблода хабарланғандай, «Turkish Airlines» авиакомпаниясының Ыстамбұл бағытындағы TK351, TK353 рейстері тоқтатылды. Ұшақтар 29 маусым күні 06:45-те және 10:00-да аттануы тиіс болған.

Еске сала кетейік, Ататүрік атындағы Ыстамбұл әуежайында 28 маусым күні кешке 2 бірдей жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша, оқиға салдарынан 10 шақты адам қаза тауып, 60-тайы жараланған. Жарылыс металіздеуші есіктің алдында болған. Сәлден кейін Түркия билігі метроға таяу жерде, әуежай ғимаратында тағы бір жарылыс болғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар