Астана және Қазақстан митрополиті Александр Көкшетауда жаңадан салынатын шіркеудің орнын аластады (ФОТО)

Митрополит Александр Көкшетау қаласында салынатын болашақ жексенбілік кафедралық собордың орнын крестпен аластау рәсімін өткізу үшін келген. Мәртебелі мейман алдымен Көкшетау қаласының Архистратиг Михаил шіркеуінде салтанатты литургия өткізді, одан соң христиан әлемі үшін әулие болып саналатын Владимир Святославич (960 жыл) князының қайтыс болуына 1000 жыл толуына орай орыс православ шіркеуі ғимаратындағы мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына қатысты. Әрі қарай митрополит Александр бастаған құрметті қонақтарды Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қабылдады. Кездесуде өңір басшысы Қазақстан Республикасы Президенті саясатының арқасында елімізде бейбітшілік, толеранттылық, конфессияаралық және ұлтаралық келісім орнап отырғанын ерекше атап өтті. «Тәуелсіздік алғалы бері, республиканың өзге өңірлеріндегі сияқты біздің облыста да дәстүрлі діндер жанданып, халық сенімге, өздерінің рухани бастауларына бойұсына бастады. Мұның бәрі біздің мемлекетіміздің діни саясатының нәтижесі. Бұл тұрақтылықтың негізгі факторы екі дәстүрлі дін - мұсылман және православ діндерінің ұстанымдары мен белсенді рөлін ерекше атап өтуге болады. Біз облыстағы өзге конфессиялармен бірге Орыс Православ Шіркеуінің де жұмысын жоғары бағалаймыз, өйткені олар біздің тұрғындарымыздың рухани денсаулығын нығайтуға, патриоттарды тәрбиелеуге, азаматтық бейбітшілікті нығайтуға орасан үлес қосып отыр», деді облыс әкімі. Одан әрі меймандар Көкшетау қаласындағы жексенбілік кафедралдық собордың салынатын орынға барып көрді. Онда митрополит Александр болашақ шіркеу салынатын жерді крестпен аластау рәсімін өткізді. Сондай-ақ, осы күні Көкшетау қаласының православтықтары үшін қалалық орыс драма театрында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда келушілер үшін князь Владимирдің өмірі туралы тың деректі фильм мен Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған спектакль қойылымы көрсетілді.