Астана және Қазақстан митрополиті Александр Шығыс Қазақстан облысына сапар жасады

Бұл шіркеу осыдан 100 жылдай бұрын салынған және 1922 жылға дейін жұмыс істеген, кейіннен бұл ғимаратта астық қоймасы, клуб, кинотеатр, 1995 жылға дейін кітапхана орналасып келген. 1995-2009 жылдар аралығында ғимарат иесіз болған. 2009 жылы бірнеше шаруа қожалықтың жеке қаражатына шіркеуді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Александр Ворапай ұйытқы болып отырған осынау игі шараның арқасында бүгінде мұнда біраз жұмыстар аяқталып қалды.
Облыс әкімі мен митрополит Александр одан кейін Согры кентіндегі Свято-Зиновьев храмында болды. 2003 жылы кәсіпкер Николай Кузьминнің қаржысына салынған бұл храмда 2005 жылы Астана және Алматы митрополиті Мефодий діни жоралғы атқарған болатын. Осы Свято-Зиновьев храмында бүгін храмды орыс православ шіркеуінің меншігіне қайтарымсыз беру туралы келісімге қол қою рәсімі болды. Митрополит шіркеулер салу және оларды қалпына келтіру ісіне атсалысқан жамағаттың барлығына алғыс айтты.
Жексенбі, тамыздың 29-ында митрополит Александр Өскемендегі бас храм - Андрей Первозванный соборында діни рәсім атқарды.