Астана мен Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Астана және еліміздің 13 облысына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

аяз боран
Фото: Pixabay

Астанада 22 желтоқсан күні қар жауып, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында – тұман, жолдарда көктайғақ, Ақмола облысында бұрқасын болады.

Жамбыл, Маңғыстау және Жетісу облыстарында жел күшейеді.

Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Павлодар облыстарында көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар