Астана және ОҚО ТЖД командалары өрт-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионатының жеңімпаздары атанды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXIII және әйелдер арасындағы ІІІ жазғы ҚР чемпионаты аяқталды.

Астана және ОҚО ТЖД командалары өрт-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионатының жеңімпаздары атанды (ФОТО)

Халықаралық санаттағы 4 төреші, ұлттық санаттағы 2 төреші және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 28 төрешіден құралған бригада ең мықты командаларды анықтады, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі.

Чемпионаттың бас төрешісі, ҚР «Өрт сөндіруші және құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы комитет директоры Д.Данаев, ІІМ ТЖ Комитеті өрт сөндіру қызметі жұмыстарын басқармасының басшысы А.Құдайбергенов және Қарағанды облысы ТЖ департаменті басшысы И.Құлшымбаев чемпионат кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен командаларға жүлде табыстады.

Астана қаласының ТЖ депатаменті командасы өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ҚР XXIII жазғы чемпионатының жеңімпазы атанды. Екінші орын Алматы облысы ТЖД құрамасына берілді. Үшінші орынға Ақмола облысы ТЖД командасы ие болды.

Әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша ҚР ІІІ жазғы чемпионатында ОҚО ТЖД құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Астана қаласы ТЖД командасы иеленді. Және ШҚО ТЖД командасы үштік қатарына енді.

«Үлкен спорт мерекесі өтті. Спортшыларға әділ, әдемі ойын үшін, жаңа рекордтар үшін, ал бапкерлерге - чемпиондар мен жүлдегерлер үшін, жанкүйерлерге және ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын», - деді бас төреші Дәурен Данаев салтанатты жабылу шарасы аяқталған соң.

Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXIII және әйелдер арасындағы ІІІ жазғы ҚР чемпионатын жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қарағанды облысы ТЖ департаменті басшысы, азаматтық қорғау полковнигі И.Құлшымбаевқа, облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі В.Магамадовқа, облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты құтқару қызметі басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі И.Комаровқа, облыстық ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі қызметін бақылау және алдын алу қызметі басқармасының басшысы, азаматтық қорғау майоры С.Коваленкоға және облыстық ТЖ департаменті өрт сөндіру және апатты құтқару қызметінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны С.Қабажановқа ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің Алғыс хаттары берілді.

Одан бөлек, өрт-құтқару спорты бойынша чемпионатын өткізуге көмектескен «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының директоры Е.Бушманов Қарағанды облысы ТЖ департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды. 

null null null null null