13:16, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Астана және Теміртау қалалары арасындағы жол жабық - Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 ақпан күні сағат 11.05-тен бастап ауа-райының қолайсыздығы (толассыз жауған қар мен жел) және жолдың нашар көрінуі салдарынан «РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы» автожолының Астана мен Теміртау қалалары арасындағы учаскеде (1277-1407 шақырымның аралығы) автокөліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынды.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы хабарлаған Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі сондай-ақ, жолаушылар мен жүргізушілерге автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салуға кеңес беруде.