«Астана» және «Тобыл» Конференция лигасы топтық сатысына шыға ала ма

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Астана» және «Тобыл» командалары бүгін футболдан Конференция лигасы плей-офф сатысында қарымта ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» және «Тобыл» Конференция лигасы топтық сатысына шыға ала ма

Елордалық «Астана» сырт алаңда Албанияның «Партизани» командасымен ойнайды.

Ойын елорда уақытымен 23.50-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы кездесуде қазақстандық команда қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Бас төреші – түркиялық Абдулкарим Битиген. Оған отандастары Джейхун Сесигюзель мен Мұстафа Савранлар көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі – Бахаттин Симсек.

«Астана» алдымен Чемпиондар лигасында Грузияның «Динамо Тбилиси» клубынан (1:2, 1:1) айласын асырса, одан кейін Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:4, 0:2) есе жіберді.

Ал Еуропа лигасында Болгарияның «Лудогорец» клубына (2:1, 1:5) есе жіберді.

Ал Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Чехияның «Виктория Пльзень» командасымен шеберлік байқасады.

Бірінші ойында қостанайлық команда қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Кездесуге словениялық төрешілер бригадасы қазылық жасайды. Алаңда Матей Юг төреші болса, оған отандастары

Бас төреші – түркиялық Абдулкарим Битиген. Оған Матей Жунич пен Мануэл Видали көмекшілік жасаса, қосалқы төреші міндетін сол елдің өкілі Давид Смайц атқарады.

Ойын елорда уақытымен 00.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, Конференция лигасының алғашқы үш іріктеу сатысында қостанайлық клуб Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1), Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2), Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» (2:1, 0:1) клубтарын қапы қалдырды.