Астана жолдарына толып қалған судың кесірінен полицейлер көлік қозғалысын реттеу үшін қиылыстарға шыға алмай тұр

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласының көшелерінде бұршақ аралас жауған нөсерлі жаңбырдың салдарынан көлік қозғалысына кедергі келтіріліп, кептелістер орын алуда, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.
None
None

Қаланың кейбір аудандарында жолдарда жиналып қалған судың тереңдігі 60 см-ге дейін жетеді. Жүргізушілер «Рамстор» СО ауданының астындағы көпірді айналып өтуге тырысуда. Ал судың ішіне бойлап кеткен көліктер әрі қарай жүре алмай тұр. Тіпті жүк көліктердің өзі бұл суды еңсере алмауда.

Сондай-ақ құйып өткен жаңбырдың салдарынан қазіргі уақытта Астананың бірқатар қиылыстарында бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. Тізеге дейін келетін судың және де көлік қозғалысынан көтерілген «толқындарға» байланысты, жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне қиылыстардың ортасына шығуға әзірге мүмкіндік болмай тұр.

Соңғы жаңалықтар