07:46, 08 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды
Астанада бүгін аязға байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды. Бұл туралы Kazinform елорданың Білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады" делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қатты аяздың болжануына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы барлық оқушы онлайнға көшірілгенін жазған едік.