Астанада 1,6 млрд. теңгенің жобасы іске қосылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы технопарктің №18 цехы ғимаратында Қазақстан-Чехия технологиялық орталығы ашылды.
None
None

Кәсіпорын директоры Болат Ақановтың хабарлауынша, барлық технологияны Чехия республикасы ұсынып отыр. Оның ішінде теміржол құрал-жабдықтарын өңдеу, металл бұрғылау, дәнекерлеу және тағы басқа құрылғылар бар. «Мәселен, бір станоктың бағасы - 225 млн. теңге. Алдағы уақытта тағы екеуі жеткізіледі. Оның барлығы Чехияның жарғылық капиталы болып саналады», - дейді Б.Ақанов.

Оның айтуынша, технологиялық орталықтың үш құрылтайшысы бар, олар - «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Астана Innovation» компаниясы және Чехия.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, «Қазақстан-Чехия технологиялық орталығы» ЖШС-нің жарғылық капиталы 1 млрд. 679 млн. теңгені құрайды. Бас кезінде 500 млн. теңгенің өнімін шығару жоспарланса, бір жарым жылдан кейін кәсіпорын толығымен қуатына шығып, 900 млн. теңгеге өнім шығармақ. Осының арқасында жоба 4,5 жылдың ішінде өзін-өзі ақтайды деген жоспар бар. Орталықта 65 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Әзірше, бұл жерде 30-ға жуық адам істейді.

«Алдағы уақытта орталық негізінде оқу комбинатын ашу жоспарланады. Мамандар осы жерде оқып қана қоймай, Чехияға барып, тәжірибе алмасатын болады», - дейді кәсіпорын директоры.

Соңғы жаңалықтар