Астанада 1 қаңтардан бастап жолақы билетінің жаңа түрі қолданылады

АСТАНА. ҚазАқпарат- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елордада ұзақ пайдаланылатын жолақы билеті енгізіледі. 29 желтоқсанда Астана қаласы жол жүру билеттерін сататын барлық кассаларға айлық жол жүру билетінің жаңа түрі келіп түсті, ол Астана қаласының қалалық, қала маңындағы маршруттарына (№№300, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312) жарамды.
None
None

Бұл туралы Астана қ. жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Қалалық және қала маңына қатынайтын №№300, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312 маршруттарына айлық жол жүру билетінің құны - 9500 теңге;

Қалалық және қала маңына қатынайтын №№300, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312 маршруттарына балалардың айлық жол жүру құны - 2000 теңге.

Бұл ретте қалалық маршруттарға арналған айлық жолақы билетінің құны ғана өзгеріссіз қалады:

Қалалық бір айлық ересектерге арналған жол жүру билетінің құны - 7500 теңге;

Қалалық жарты айлық ересектерге арналған жол жүру билетінің құны - 4000 тенге;

Балаларға арналған бір айлық жол жүру билетінің құны - 1500 теңге.

Соңғы жаңалықтар