22:48, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Астанада 1 маусымда көше баскетболынан Әлем чемпионаты басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-5 маусым аралығында Астанада көше баскетболы немесе стритболдан Әлем чемпионаты (FIBA 3х3 U18 World Championships) өткізіледі.

Бұл турнирге әлемнің 30 елінен 200-ен астам спортшы және Қазақстан командасы қатысады.
Белгілі болғандай, ойындар «Астана Опера» театры ғимаратының жанындағы алаңда өткізіледі. Ал алаң сыртында киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылады.
Сонымен аталған турнирді 30 мыңнан астам көрермен тамашалайды деп күтілуде. Матчтардың тікелей трансляциясын Kazsport телеарнасынан және FIBA-ның Youtube-гі ресми каналынан көруге болады.
Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысовтың сөзіне қарағанда, Қазақстан тарапы екі команданы даярлап отыр.
Еіліміз жігіттерінің құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Қатар командаларымен «С» тобында күш сынасатын болады. Ал қыздар «В» тобында Нидерланды, АҚШ, Италия, Польша командаларымен кездеседі.