Астанада 10 қабатты үйде өрт шықты, балалар құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндірді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Нұра ауданындағы Күлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде болған.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде подъезде қою түтін байқалған.
Өрт электр қалқаны орналасқан шахтада бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін тараған.
- Құтқарушылар өрт сөндіру оқпандарын жедел беріп, жалынды толық сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді, - делінген ақпаратта.
ТЖМ күштері автосатының көмегімен 3 адамды құтқарды, олардың барлығы балалар. Сонымен қатар баспалдақ марштары арқылы құтқару қалпақшаларын пайдаланып тағы 2 адам құтқарылды, оның бірі бала.
Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түспеген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада өрт кезінде ережені бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылғаны хабарланды,