Астанада 12 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық жолаушылар автобусының 12 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Астанада 12 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Астана қаласының ІІД сайтына және «102» қызметіне елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала бойынша тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері туралы хабарламалар келіп тұрады. Полиция қызметкерлері аталған фактілер бойынша жедел іс-шаралар қабылдайды. Қазіргі уақытта 12 автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылдан бері «102» қызметіне тәртіп бұзу фактісі бойынша 13 жолдама келіп түскен. Барлық жолдамалар қаралды, 12 жүргізуші кінәлі деп танылды. Айта кетейік, бағыттық автобустардың жүргізушілеріне қатысты 10-30 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылады.