Астанада 125 елден ұсынылған 8 мыңнан астам AI фильм бағаланады — Ерлан Қарин

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада басталған Astana AI Film Festival фестиваліне 125 елден жасанды интеллект көмегімен түсірілген 8 мыңнан астам фильм ұсынылды. Бұл туралы Ерлан Қарин мәлімдеді.

Астанада 125 елден ұсынылған 8 мыңнан астам AI фильм бағаланады — Ерлан Қарин
Видеодан алынған кадр

— Халықаралық AI& Digital Bridge 2026 форумы аясында Astana AI Film Festival шарасы басталды. Бұл — мемлекеттің қолдауынсыз жеке бастамамен жүзеге асырылған әлемдегі ең ауқымды іс-шара. Фестивальге 125 елден жасанды интеллекті арқылы түсірілген 8 мыңнан астам фильм ұсынылған. Келіп түскен жұмыстарды Одрэ Азуле бастаған халықаралық жюри бағалайды, — делінген жазбада.

Вице-президенттің сөзінше, Одрэ Азуле — ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры әрі Францияның Мәдениет министрі болған. 

— Ол халықаралық ұйымға басшылық еткен жылдары цифрлық шешімдер мен жасанды интеллекті мәселелерін алғашқылардың бірі болып көтерді. Бүгін Азуле ханыммен кездесіп, түрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмастық, — деп жазды Қарин.

Еске сала кетейік, Астанада жасанды интеллектінің көмегімен жасалған фильмдер байқауының финалы басталды.

Бұған дейін Ерлан Қарин Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне тоқталған болатын.