Астанада 13 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ұзақ уақыт бойы қала аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан бірлескен қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады елордалық мемлекеттік кірістер департаментінен.
None
None

«2015 жылы Астанада 13 жасырын ойын мекемесі жабылған, ҰҚТ-ның 8 мүшесі анықталып, соның ішінде төртеуі қамауға алынды, қылмыстық іс сот қарауында», - делінген Астана қаласы бойынша ІІД-нің хабарламасында.

Бұдан басқа, өткен жылы елордада 3 жасырын казино анықталып, жойылды, 172 бірлік моноблок пен процессор, 222 лотереялық және ойын автоматтары және үш рулетка заңсыз айналымнан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар