16:17, 06 Маусым 2025 | GMT +5
Астанада 14 автобус бағытының қозғалысы өзгерді
City Transportation Systems баспасөз қызметі Астанада 14 автобус бағытының қозғалысы өзгергенін хабарлады

Бүгін, 6 маусымда, №2, 20, 24, 24Н, 31, 33, 41, 47, 56, 71, 120, 120А, 121 және 503 бағыттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді.
Қозғалыс сызбаларымен осы жерден танысуға болады.
Бұған дейін Астанада LRT рельстерінің 50%-ы төселгені хабарланған болатын. Құрылыс негізгі нысандардың — «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр.
Астанада жеңіл рельсті көліктің сынақтық іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.