Астанада 14 мемлекеттің билеуші партияларының өкілдері кездесті

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезіне әзірлік ауқымында партияның орталық аппаратында «Жаһандық қатерлер: саяси партиялардың рөлі мен маңызы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараға 14 шетелдік мемлекеттердің көшбасшы партияларының өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстелдің» мақсаты ? осы заманғы қатерлер және халықаралық қауіпсіздік қаупі және жаһандық экономикалық дағдарыс салдарын еңсеру жолдарын шешу, сондай-ақ партияаралық байланыстарды кеңейту болды. «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Д.Кәлетаевтың атап өткеніндей, осы заманғы жаһандық қатерлерге бұрынғы таптаурын әдістерден өзгеше пара-пар жауап қайтару міндетін алға қойып отыр. «Біздің көзқарасымызша, әлем жаңа өзгерістер табалдырығында тұр, бұрынғы әдістер инновациялық шешімдерге, осы заманғы нақты болмысқа жауап бере алмайды, - деді Д.Кәлетаев. ? «Нұр Отан» ХДП алдағы ХІІ съезінің күн тәртібі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында айтылған пайда болған қауіптерді еңсеруге бағытталған нақты бағдарламалық шаралармен үндеседі, десек асыра айтқанымыз емес». Кездесу соңында «Халықтық қозғалыс үшін одағы» партиясымен (Франция) және «Ақ жол» партиясымен (Қырғызстан) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұдан басқа Д.Кәлетаевтың РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасындағы «Біртұтас Ресей» фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары Артур Чилингаровпен және ҚХР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің сыртқы істер жөніндегі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Ду Ци Вэнмен кездесуі өтті.
Соңғы жаңалықтар