Астанада 16 қыркүйекте жолдар жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 16 қыркүйекте бірқатар көшеде көлік қозғалысы толықтай шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«AstanaMarathon-2018» марафонын өткізуге байланысты, 16 қыркүйекте (жексенбі) сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Бұдан басқа, 11 бағдардағы қоғамдық көліктің қозғалысын уақытша тоқтату көзделіп отыр. Осыған байланысты ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан баратын бағыттарын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерде кептеліс тудырмауын сұрайды.
Айта кетерлігі, марафонға әлемнің 20 мемлекетінен 4 мыңға жуық желаяқ қатысады деп күтілуде. Спортшылар 10 және 42,2 шақырымдық екі қашықтықты еңсеруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар
telegram