Астанада 16 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды

Астанада 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. 6 қараша күні 6 айдан бастап, 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерге жаппай қосымша вакцина егілді. Желтоқсан айынан бастап оларға 2-4 жас аралығындағы балалар қосылды, деп хабарлайды Kazinform әкімдікке сілтеме жасап. 

 вакцина
Фото: Pexels

Вакцинаны тіркелген жері бойынша емханаларда тегін алуға болады. Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцинация туралы айтып берді. 

Елордада 6 желтоқсан күні барлығы 16 447 адам вакцинацияланды.

Жаппай вакцинация қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, деп атап өтті санитар дәрігер.

«Біздің бүгінгі басты міндетіміз — қызылшадан болатын өлім мен асқынудың алдын алу. Вакцинация инфекция ошақтарында да жүргізіледі, онда 1733 байланысқан адам екпе алды, сондай-ақ қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі адамдар анықталды, бүгінгі күні жыл басынан бері 14 374 адам анықталды, оның ішінде 12 746 (88%) екпе алды», — дейді Сархат Бейсенова.

Санитар аурудың алғашқы белгілері байқалған бойда дереу дәрігер көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.

Сырқат белгілері: температураның 38-40°C дейін көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, тәбет төмендейді, конъюнктивит, ринит, жарыққа қарай алмау, құрғақ, ауыр жөтел, дауыстың қарлығуы, қызылша энантемасы — таңдайдағы жұмсақ және қатты үлкен қызыл дақтар, аурудың шамамен 3-4 күнінен кейін денеге түсетін бөртпе.

«Қызылшаға қарсы вакцинация — қызылшаинфекциясын, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал. Осыған байланысты ата-аналарды өз балаларының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, вакцинаны уақытында алуға, сондай-ақ қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау аясында баланы вакцинациялауға шақырамын», — дейді елорданың бас санитары. 

Соңғы жаңалықтар