Астанада 18 қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астананың Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің 14-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, үй заттары мен жиһаз жанған. Өрттің жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлері құтқару маскаларын қолдану арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Министрлік қазақстандықтарға ескерту жасады.
— Өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз, лифтіні пайдаланбаңыз және құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін балаларды өрттен құтқарған әскери қызметші Ғазиз Байтасов атындағы медаль алғанын жазғанбыз.