Астанада 19 жастағы бойжеткен 22-ші қабаттан құлап, қаза тапты - ІІД
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілденің 2-іне қараған түні Астанадағы «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінің 22-інші қабатынан құлап, қаза тапқан бойжеткен 19 жастағы Қостанай облысының тұрғыны екені анықталды. Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша - марқұм суицидке барған. Тергеу барысында анықтағанымыз - ол 19 жастағы Қостанай облысының тумасы»,-деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 2 шілдеге қараған түні Астана қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылығын бойында орналасқан «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінің 22-ші қабатынан бір қыз құлап, қаза тапқан. Қадыр түнін күзеткен тұрғындардың көбі бұл қайғылы оқиғаны өз көзімен көрген екен.