08:00, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада 2 қыркүйекте ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» Өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі
2013 жылғы 21 тамыз №65 Астана, Парламент Мәжілісі
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.