Астанада 20-дан астам учаскені су басу қаупі бар
«Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмысы қызу жүріп жатыр. Елорда бойынша 21 су тасқыны қаупі бар учаскелерде Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық коммуналдық қызмет жұмылдырылды. Су тасқыны жағдайына жеке құрамның 145 маманы, 76 техника, 46 мотопомпа және 2 жүзу құралы дайын. Сонымен қатар, су тасқыны қаупінің алдын алу және болдырмау мақсатында біздің департамент кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі», - деді Дастан Алдабеков Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, кешеден бері азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын төтенше жағдайға дайындау бойынша «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Бұған дейін Астана су қоймасында жаңарту жұмыстарының қолға алынғандығы туралы хабарлаған едік.