Астанада 20-қабаттан құлап, мертіккен 2 адам студенттер болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада салынып жатқан құрылыс нысанында бүгін таңертең 20-қабаттан құлаған азаматтардың тұлғалары анықталды. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада 20-қабаттан құлап, мертіккен 2 адам студенттер болып шықты

Бұрын хабарланғандай, оқыс жағдай кезінде екі адам көз жұмды. 
«Зардап шеккендердің есімдері анықталды. Олар Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқиды. Олар құрылысшылар емес. Бұл тек алдын ала мәлімет», - деп хабарлады ІІД. 
«ҚазАқпарат» тілшісінің құрылыс нысаны аумағында студенттер не істеп жүрде деген сауалына ІІД баспасөз қызметі жауап бере алмады. «Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, соның нәтижесінде барлығы анықталады. Өзге ақпараттар жарияланбайды», - деп атап өтті ведомстводан. 
Астана қаласы ІІД тергеу басқармасы Сауран көшесі бойындағы «Айнұр Астана» тұрғын үй кешенінде орын алған оқиғаға байланысты сот алдындағы тергеуді жүргізуде. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.