Астанада 20 қоқыс жәшігін ұрлап өткізіп жіберген жігіт ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері 20 бірдей қоқыс салатын контейнерді ұрлап кеткен жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«21 ақпанда ПИК өкілінен қоқыс салатын 20-дан астам темір жәшікті белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру барысында 30 жастағы қала тұрғыны ұсталып, ол жәшіктерді темір сынығын қабылдайтын орынға тапсырып жібергені анықталды. Темір қабылдайтын орынның иесі еш рұқсат қағазсыз өз ісін жүзеге асырып келген. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Департаменттен хабарланғандай, қазіргі уақытта ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, кәріз құдығының шойын қақпағын, құрылыс материалдарын және басқа да қара және түсті металдарды қабылдауды жүзеге асыратын пункттерді анықтау жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Осы мақсатта Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі Криминалды полиция басқармасымен бірлесе отырып, елорда аумағында ағымдағы жылдың 22-24 ақпан аралығында «ЦВЕТМЕТ» жергілікті-рейд өткізеді.

Соңғы жаңалықтар