Астанада 2016 жылғы бюджетті нақтылау жөнінде отырыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2016 жылға арналған бюджетті нақтылау мәселесі бойынша Қоғамдық кеңес отырысы өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

ҚР Бюджет кодексінің 104-бабына сәйкес нақтылау жыл басындағы бюджет қаражатының қалдықтарын үлестіруге байланысты жүргізіледі.
Жергілікті бюджет қаржысын игерудің мониторингі нәтижелерінің негізінде іштей қайта үлестіру арқылы жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы тағайындаулар қайта қаралды, оларды әлеуметтік саладағы - білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қаланы дамытудағы тығыз мәселелерді шешуге бағыттау ұсынылды.
Атап айтқанда, қайта тапсырылған білім нысандарын ұстауға, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, жолдарды орта және ағымдық жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмсалатын қаржы қарастырылды.
Отырыс барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Жүсіпова, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий, Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Айтжанова және т.б. баяндама жасады.
Еске салайық, азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты жобалар талқылау және ұсыныстар жасау үшін тиісті орталық мемлекеттік органдармен немесе облыстық, республикалық маңыздағы қалалық және елордалық мәслихаттармен бірлесіп құрылған Қоғамдық кеңестерге жолданады.
2 3

Соңғы жаңалықтар