Астанада 2017 жылы апатты және үш ауысымдағы мектептер болмайды - БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылға дейін елордада апатты және үш ауысымдағы мектептер мәселесі толық шешіледі. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен «Әлеуметтік әлеует - Астана айбары» атты кеңес барысында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді.
None
None

Білім министрінің айтуынша, Астана қаласы мен министрлік арасында жасалған екіжақты меморандум бiлiм жүйесiн дамыту бойынша 2015-2017 жылдары атқарылатын шараларды қамтиды. Бұл ретте меморандумға сәйкес, министрлiк бас қаладағы білім саласына қатысты мәселелерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ететін болады.

«Атап айтқанда, мектепке дейiнгi бiлiмге бөлiнетiн мемлекеттiк тапсырысты жүзеге асыруға алдағы үш жылда 15 млрд теңгеге жуық қаражат бөлiнедi. Сонымен қатар осы жылдар ішінде 8 мектептiң құрылысына 7,7 млрд теңге, 11 балабақша салуға шамамен 3 млрд теңге қарастырылатын болады. Сөйтіп, 2017 жылы Астанада үш ауысымды және апаттық мектептер деген болмайды», - деді А.Сәрінжіпов.

Бұдан бөлек, меморандум аясында дуалды бiлiм беру элементтерiн енгiзген колледждер үлесiн 70 пайызға, сондай-ақ ондай оқу орындарын бітірушілерді жұмыспен қамту көрсеткiшiн 80 пайызға жеткiзу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар