Астанада 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді

  АСТАНА. KAZINFORM - Астана 2027 жылы үстел теннисінен алғаш рет әлем чемпионатын қабылдайды.

Кирилл Герасименко стал абсолютным чемпионом Казахстана по настольному теннису
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Бүгін, 27 мамырда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бас ассамблеясында еліміз үшін тарихи шешім қабылданды.

Әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болу Қазақстан АҚШ және Франция сайысқа түсті. Бірінші кезеңде АҚШ аз дауыс жинап, келесі кезеңге өте алған жоқ. Екінші кезеңде 54,68 пайыз дауысқа қол жеткізсе, қалғаны Францияға қолдау білдірді.

Алғашқы дауыс беру кезеңінде АҚШ ең аз дауыс жинап, келесі кезеңге Қазақстан мен Франция өтті. Финалдық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан 54,68 пайыз, ал Франция 45,32 пайыз дауыс жинады.

Сондай-ақ жиын барысында 2028 және 2029 жылдарда аталған дүбірлі доданы қабылдайтын мемлекеттер белгілі болды.

Әлем чемпионаты 2028 жылы Жапонияның Фукуока қаласында өткізілсе, 2029 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

Бұл ел тарихындағы үстел теннисінен ең ірі және тарихи шара болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын елімізде үстел теннисінен Азия чемпионаты жоғары деңгейде өткізілген еді. Оны мамандар оң бағалаған болатын.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Испаниядағы турнирде топ жарды.

 

Соңғы жаңалықтар