Астанада 28 сәуірде жылыту маусымы аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 28 сәуірде Астанада 2013-2014 жж. жылыту маусымы аяқталады, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
None
None

«Орташа тәуліктік ауа температурасы тұрақты деп болжануына байланысты 2013-2014 жж. жылыту маусымы 2014 жылғы 28 сәуірде аяқталады», - делінген хабарламада.

Астанада жылыту маусымы үзіліссіз берілгенін атап өткен жөн, электр энергиясын өндіру, жылу, ыстық су, суық су беру бойынша технологиялық параметрлер сақталды.

Соңғы жаңалықтар