Астанада 29 қарашадағы сайлау туралы ақпарат қаладағы LED-экрандардан көрсетіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада мәслихат депутаттарының 29 қарашада өтетін сайлауы туралы ақпараттандыру жұмыстары күшейтілді. Дауыс беру күні туралы бейнероликтер алып шолу дөңгелегінде, әуежайда, «Қазақстан темір жолы» ғимаратында және қала көшелеріндегі LED-экрандарда көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Астанада 29 қарашадағы сайлау туралы ақпарат қаладағы LED-экрандардан көрсетіліп жатыр
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ақпараттық материалдар елорданың көпшілікке танымал бірқатар нысанында көрініс тапқан. Алдағы дауыс беру күні туралы еске салатын ақпаратты алып шолу дөңгелегінен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ғимаратының қасбетінен, Астана халықаралық әуежайынан, сондай-ақ қала көшелерінің бойындағы цифрлық экрандардан көруге болады.

Астанада 29 қарашадағы сайлау туралы ақпарат қаладағы LED-экрандардан көрсетіліп жатыр
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Алдағы сайлау туралы тұрғындарды хабардар ету үшін елордада түрлі қалалық ақпарат алаңдары пайдаланылып жатыр. Олардың қатарында халық көп жиналатын орындарда орналасқан экрандар да бар.

Астанада 29 қарашадағы сайлау туралы ақпарат қаладағы LED-экрандардан көрсетіліп жатыр
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетейік, астаналықтар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын бірнеше жолмен біле алады:

  •  sailau.astana.kz сайты арқылы;
  •  «Сайлау Астана» Telegram-боты арқылы;
  •  iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровке мәслихат сайлауында барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырған болатын.