Астанада 33 жастағы ер азаматтан 2 келіден аса есірткі заты тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында Астана ст. теміржол вокзалының аумағында орналасқан қонақ үй бөлмелерінің бірінен, қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 33 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын ұстады.

Астанада 33 жастағы ер азаматтан  2 келіден аса есірткі заты тәркіленді

Күдіктінің спорттық сөмкесін тексеру барысында ішіне 2 келі 104 гр. «марихуана» есірткі заты салынған антифриз канистрасы тәркіленіп, алынды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана ст. Ішкі істер желілік басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.