Астанада 36 градус ыстық болады - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 18 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз 36 градус ыстық.
18 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 28 м/с. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батысқа жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 маусымда Маңғыстау облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с. Күндіз 40-42 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 46 градус ыстық болады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
18 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градус болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 37 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Қостанай облысыңың шығысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
18 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайд. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда түнде Ақтөбе облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 41 градус ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.