Астанада 4 369 жылжымайтын мүлік жекешелендірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 4 369 жылжымайтын мүлік нысаны заңдастырылды, деп хабарлады елордалық мемлекеттік кіріс департаменті.
None
None

«2015 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚР аумағындағы мүлікті заңдастыру бойынша Астана қаласы жергілікті атқарушы органы жанындағы комиссияға сомасы 67 624,4 млн. теңгеге мүлікті заңдастыруға 5 239 өтініш келіп түсті. Сомасы 42 221,7 млн теңге 6 815 тұрғын үй нысаны, сомасы 25 402,7 млн теңгеге 7 023 тұрғын емес сектор, оның ішінде 19 110,1 млн теңгеге 794 коммерциялық нысан; сомасы 457,9 млн теңгеге 5 заңды тұлғаларға қатысу үлесі бар», - делінген хабарламада.

ҚР-ынан тыс жердегі мүлікті заңдастыру бойынша Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс органдарына өтініш келіп түскен жоқ.

Еске салсақ, мүлікті заңдастыру мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылған.

Соңғы жаңалықтар