Астанада 40 команда балалар футзалының кубогын сарапқа салды

«JUSAN» SVOYA LIGA турнирінің жетекшісі, «SD-Family» футбол командасының медиа-офицері Даниил Пичкаревтің айтуынша, «Svoyaliga» турнирі жылына төрт мезгіл: күзде, көктемде, қыста, жазда өтіп тұрады. Бұл жолғы турнирге 4 жас санаты бойынша 40 команда қатысқан. Биыл турнир банктің демеушілігмен өтті.
«Лигада астаналық командалардан бөлек Ақмола облысынан екі ұжым ойнап шықты. Сабақ кезі болғандықтан Астананың төңірегімен шектелуге тура келді. Бүкіл Қазақстан бойынша осындай турнир ұйымдастырсақ деген жоспарымыз бар», - дейді жоба жетекшісі.
Турнирдің қорытындысы бойынша, 2007-2008 жылғы футзалшылар арасында «Целиноград» командасы жеңімпаз атанды.
«2009-2010 жылғы футзалшылар арасында «Progress»-тің тектикалық дайындығы өз жемісін берді деп ойлаймын. Олардың бапкері жылдар бойы кәсіби деңгейде ойнаған футболшы. Сондай маманның тәрбиесін көргендіктен жеңіске қиналмай жетті.
2011-2012 жылғылар арасында арасында «Айбын» мен «Сайранның» арасында тартысты бәсеке болды. Турнир кестесінде «Сайран» алда келе жатқан. Өзара кездесуде «Progress» жеңіп, чемпиондықты жұлып әкетті.
«Айбын» мен «Сайран» арасындағы тартыс 2013-2014 жылғылар санатында тағы қайталанды. Бұл жолы да «Айбынның» мерейі үстем болды», - дейді Даниил Пичкарев.
Ал ата-аналар ұйымдастырушыларға жеткіншектердің қабілетін сынап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік бергені үшін риза.
«Ұйымдастырушыларға осындай турнир өткізіп жүргендері үшін көптен-көп рахмет. Баламның аты – Абзал, жасы 10-да. Футболға барып жүргеніне 3 жыл болды. «Сайран» командасының сапында доп тебеді. Бапкері – Ержан деген жігіт. Балалармен жұмыс істеу тәсілі ұнайды. Турнирдің орны ерекше деп ойлаймын. Балаларға қанат бітіріп, жігерін жануға өте қажет. Баламның компьютер алдында телміріп отырмай, алаңда ойнап жүргені өзіне де, бізге де жақсы. Жарыс сайын бүкіл отбасымызбен келіп жанкүйер боламыз. Тіпті соның ойынын көру үшін ата-әжесі ауылдан арнайы келетін кездер болады», -дейді Астана тұрғыны Данияр Тоқанов.
Ақтық ойындарға төрелік еткен судьяның бірі Абзал Жарасовтың өзі де футболдан әлі қол үзбепті. Сөз арасында ол өзіні бала кезінде балалар футболына,оның ішінде футзалға дәл мұндайкөңіл бөлінбегенін айтады.
«Бүгіннің өзінде ғана 3 ойынға қазылық еттім. «Svoyaliga» турнирі жылдан жылға ауқымын кеңейтіп келеді. Балалардың деңгейі де өсіп келеді. Осы кешенде осымен үшінші жыл өтіп жатыр. Жарыстың деңгейі өскеніне ауладағы алаңшадан «Сайран» стадионына көшіп жатқанымыз дәлел», - дейді төреші Абзал Жарасов.
Жеті мәрте «Алтын доп» иегері Леонель Мессидей футболшы болсам деген арманына «JUSAN» SVOYA LIGA турнирі арқылы жол салып бастаған талапшыл жастың бірі – Нұртілеу Құрманбай.
«Футболды 6 жасымнан бастап ойнаймын. Футболға алғаш ағам әкелген болатын. Футзалда артқы шепте ойнаймын. Солақай болғандықтан, оң жақ артқы шепті жауып ұстау менің міндетім. Ал үлкен футболда сол қапталдың қорғаушысы, орталық қорғаушы ампуларында ойнай беремін. Осныдай турнирлер арқылы өзімді дамытып, кәсіби футболшы болғым келеді. Қазақстан құрамасынан Бахтиёр Зайнутдиновті, әлем бойынша Леонель Мессиді үлгі тұтамын», - дейді болашақ футболшы.
Оның пайымынша, балалар футболының дамуы үшін арнайы алаңдар мен залдардан бөлек бәсі жоғары турнирлер көбірек керек.
«SVOYA LIGA»-да біздің негізгі бәсекелестерімізбен күш сынасуға мүмкіндік туады. «Progress», «Айбын» «Целиноград» сияқты қаладағы бізге қарсылас командалармен неғұрлым жиі кездессек, соғұрлым мол тәжірибе жинаймыз. Бұл жолы біздің команда екінші орын алды. Ақтық ойында «Progress»-ке есе жіберіп алдық», - дейді Нұртілеу Құрманбай.
Сонымен, «JUSAN» SVOYA LIGA турнирінің қорытындысы кестесі былайша өрілді:
2007-2008 жылғылар:
1 орын – «Целиноград»
2 орын – «Сайран»
3 орын – «Progress»
Бұл санаттағы «Үздік ойыншы» – Заңгар Аманов (Целиноград).
«Үздік шабуылшы» – Әлібек Торғауытов (Сайран)
«Үздік қорғаушы» – Аманжан Орынбасар (Progress)
«Үздік қақпашы» – Мирхат Тілеукенов (Балалар футбол орталығы)
2009-2010 жылғылар:
1 орын – «Progress»
2 орын – «Сайран»
3 орын – «Айбын»
Бұл санаттағы «Үздік ойыншы» – Санжар Қали (Progress)
«Үздік шабуылшы» – Давид Голев (Целиноград)
«Үздік қорғаушы» – Аңсар Нұқышев (Айбын)
«Үздік қақпашы» – Асылжан Аяпбергенов (Сайран).
2011-2012 жылғылар:
1 орын – «Айбын»
2 орын – «Сайран 2011»
3 орын – «Сайран 2012/Эверест»
Бұл санаттағы «Үздік ойыншы» – Медет Құсайынов (Айбын)
«Үздік шабуылшы» – Темірәли Қасымжан (Сайран)
«Үздік шабуылшы» – Әлмансұр Елеу (Сайран)
«Үздік қорғаушы» – Дәулет Үмбетәлиев (Эверест)
«Үздік қақпашы» – Илья Басенко
2013-2014 жылғылар:
1 орын – «Айбын»
2 орын – «Эверест»/«Роял»/«Сайран 2013»
3 орын – «Эверест»/«Роял»/«Сайран 2013»
Бұл санаттағы «Үздік ойыншы» – Әлихан Серікбай (Айбын)
«Үздік шабуылшы» – Әлім Самат (Эверест)
«Үздік қорғаушы» – Данила Березуцкий (Royal)