Астанада 47 елдің өкілі «Темір адам» атағы үшін бақ таластырады

Аталмыш жарыс ТМД бойынша бірінші рет Астана қаласында өткізілмек. IRONMAN триатлоны әлемдегі ең күрделі біркүндік жарыстың түрі. Қашықтықты бағындырған спортшы «Темір адам» атанады.
IRONMAN 70.3 Astana жеке қатысушыларының жарысы таңғы сағат 08.00-де басталады, топтық командалар жарысы (эстафеталар) сағат 08.30-ға белгіленген. Қашықтық үш үздіксіз кезеңнен тұрады: жүзу (1,9 шақырым), веложарыс (90 шақырым), жүгіру (21,1 шақырым) - жалпы ұзындығы 113 шақырым немесе 70,3 миль.
IRONMAN жарысына қатысқандар арасында Олимпиада чемпионы, Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы, Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров, Astana Pro Team велошабандозы Асан Базаев, Олимпиада ойындарына қатысқан триатлоншы Екатерина Шатная, спортшы, «Другой ты» қозғалысының көшбасшысы Валихан Тен, Куила-Конеде IRONMAN әлем чемпионатына қатысқан Павел Артюшенко, «темір» қашықтықты 33 мәрте бағындырып, жарыс тарихында қалған триатлоншы Томас Дрейер (Thomas Dreher) және тағы басқалары бар.
Триатлоннан бірінші BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысы аясында 15-17 маусымда үздік әлемдік брендтердің спорттық жәрмеңкесі жұмыс істейді. Онда спорттық заттар, тамақтар, жарыстың ресми кәдесыйлары сатылады.
16 маусымда Астана Триатлон Парк аумағында 5-тен 17 жасқа дейінгі балалар арасында тегін IRONKIDS, сондай-ақ 10-нан 15-ке дейінгі балалар арасында IRONKIDS DUATHLON жарысы өткізіледі.
IRONKIDS және IRONKIDS DUATHLON жарыстары әрбір IRONMAN жарысы аясында бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық ретінде ұйымдастырылады. Бұл аса танымал шара және өскелең ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға шақырады.
IRONMAN 70.3 Astana 2018 жарысы Астананың 20 жылдығына орайластырылған және халықаралық аренада елордамыздың имиджін көтеруге ықпал етеді.
Жарысты өткізу күні мен уақыты: 17 маусым, сағат 08:00-19:00.
Өткізу орны: Астана Триатлон Парк.
Айта кетейік, жарыстың өткізілуіне байланысты 17 маусым сағат 7:30-дан 16:30-ға дейін қалалық көлік қозғалысына келесі тәртіпте уақытша өзгерістер енгізілетін болады.
1. № 10 Автобус бағдары
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы» бастапқы аялдамасынан бастап, Мәңгілік Ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, кейін Сарайшық көшесінен солға - Қабанбай батыр даңғылына,Тәшенов көшесі қиылысына, Тәшенов көшесіне оңға, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
2. № 15 Автобус бағдары
«Теміржол» алғашқы аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылының қиылысына дейін - Тәуелсіздік даңғылының қиылысуына дейін өзгеріссіз. Әрі қарай Тәуелсіздік даңғылына солға - Қошқарбаев даңғылына оңға, кейін қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
3. № 47 Автобус бағдары
Бастапқы аялдама «Дегелен» нүктесінен Б. Момышұлы даңғылының қиылысына дейін - Тәуелсіздік даңғылы бойынша өзгеріссіз, сосын Тәуелсіздік даңғылына солға, Қошқарбаев даңғылына оңға, содан кейін қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
4. № 51 Автобус бағдары
Бастапқы аялдама «№ 2 Ақмола облыстық ауруханасынан» бастап, Б. Момышұлы даңғылы мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, сосын Тәуелсіздік даңғылына солға қарай - Қошқарбаев даңғылына оңға, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
5. № 56 Автобус бағдары
Бастапқы «Промышленный т/а» аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы мен - Тәуелсіздік даңғылы қиылысына дейін еш өзгеріссіз, содан кейін Тәуелсіздік даңғылынан солға, Қошқарбаев даңғылынан оңға, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
6. № 60 Автобус бағдары
Бастапқы аялдама «Арнау ТК» бастап, Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін Сарайшық көшесіне солға, Қабанбай батыр даңғылына - оңға. Ташенов көшесі қиылысына оңға, Ташенов көшесіне солға. Әрі қарай қозғалыс сызбасына сәйкес.
Кері бағытта, алғашқы аялдама «Строймарт Гипермаркетінен» бастап, Аман көшесі мен Тоқпанов көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай тіке Марал көпіріне, кейін қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
7. № 61 Автобус бағдары
«Теплотранзит» бастапқы аялдамасынан Б. Момышұлы даңғылы мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, содан кейін Тәуелсіздік даңғылымен тіке - Қошқарбаев даңғылына оңға, кейін қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
8. № 101 Автобус бағдары
Бастапқы аялдамасы «№ 2 Ақмола облыстық ауруханасынан» бастап, Б. Момышұлы даңғылы мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, сосын Тәуелсіздік даңғылына солға қарай - Қошқарбаев даңғылына оңға, кейін қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.
9. № 104 Автобус бағдары
Алғашқы аялдамасы «Азия парк ОСО» бастап, «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысы өзгеріссіз, кейін көшеден солға қарай Сарайшық көшесіне, Қабанбай батыр даңғылына оңға. Ташенов көшесі қиылысынан оңға, Ташенов көшесінен солға, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша.
Қарсы бағыт, қолданыстағы қозғалыс үлгісі бойынша.