Астанада 5 күнге лайықталған күнделікті сатып алудың қажеті жоқ

«Құрметті ата-аналар! Соңғы кезде күнделіктер бойынша көп сұрақ туындап жатыр. ҚР Білім және Ғылым министрлігі және қалалық Білім басқармасы тарапынан белгілі бір күнделіктің үлгісін алуға ұсыныс немесе тапсырма берілген емес. 5 күндік оқу аптасына арналған арнайы күнделіктерді сатып алу қажеттілігі жоқ. Әдеттегі 6 күнге арналған күнделіктер де бола береді. Ол әрбір ата-ана өз қалауымен шешетін мәселе. Күмәнді ақпаратқа сеніп, қымбат кеңсе тауарларын сатып алудан сақ болуыңызды сұраймын», деп мәлім етті қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі быилығ жылдан бастап 5 күндік оқу аптасы енгізілетінін және оның ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме берген болатын.