22:11, 18 Қаңтар 2015 | GMT +5
Астанада 6 балалы отбасыға «Қамқорлық» акциясының аясында көмек көрсетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қамқорлық» акциясы аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Акция аясында Астана қалалық Білім басқармасы мен «Дар» қоғамдық қоры 6 бала тәрбиелеп отырған Нұртаева Жанна Әбдрәсілқызының отбасына көмек көрсетті. Балаларға қыстық жылы сырт киімдер мен аяқ киімдер сыйланды. Еске сала кетейік, «Қамқорлық» акциясы жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізіледі. Астана қаласында аталмыш шара 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Мұндай іс-шаралардың жүргізілуі қоғамның назарын толық емес отбасылар мәселесіне аударып, мектепке бармай жүрген балаларды анықтап, тұрмысы төмен отбасындағы балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін тиісті шара қолдануға көмектеседі.