Астанада 7 қазаннан бастап екі көшеде қозғалыс шектеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты 7 қазаннан бастап Сығанақ және Айтматов көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі. Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Астанада 7 қазаннан бастап екі көшеде қозғалыс шектеледі
Фото: Астана әкімдігі
  • Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде;
  • Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

— Жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада биыл 50 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.